Еуразиялық жобалар нарығы

Сіздерге Eurasia Project Market Еуразиялық жобалар нарығына қатысатын он үміткерді іріктеп алғанымыз туралы қуана хабарлаймыз. Жобалар нарығына сценарий даярлау кезеңінде тұрған барлығы 31 жоба келіп түсті. Eurasia Project Market іріктеу комиссиясы оның ішінен болашағы бар 10 жобаны 2018 жылдың 3 шілдесі күні өтетін халықаралық Eurasia Film Market кинонарық питчингіне іріктеп алды.

Сонымен, біздің конкурсқа қатысушылар:

  1. Арман Алдажаров - Жансая (Қазақстан)

  2. Дальмира Тілепберген – Одинокая сосна (Қырғызстан)

  3. Кристина Михайлова - Сны реки (Қазақстан)

  4. Асхат Кучинчиреков – Шекара (Қазақстан)

  5. Амир Аменов – Ыстық түн, салқын сыра (Қазақстан)

  6. Артур Веэбер – Альчики (Қырғызстан/Ресей)

  7. Тимур Альжанов - Я наполню Аральское море! (Қазақстан)

  8. Абдель Фифтибаев - 5 секунд штурма (Қазақстан)

  9. Бауыржан Дюсембиев – Идем на север (Қазақстан)

  10. Шарофат Арабова – Триптих (Тәжікстан)

Eurasia Film Market кинонарығында конкурсқа қатысушылар төмендегі құрамдағы халықаралық қазылар алқасына жобаларын ұсынатын болады.

  1. Джим Миллер (АҚШ). New York Film Academy Вице-президенті. Джим Миллер Нью-Йорк киноөнер академиясының (NYFA) АҚШ пен әлемдегі стратегиялық бастамаларына жауапты маман.

  2. Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан). Сценарист, кинорежиссер. Пусан халықаралық кинофестивалінің «Жаңа ағымдар» секциясының Гран-приін иеленген («Жаңғақ тал», 2016) (Оңтүстік Корея). Фаджр кинофестивалінің «Үздік азиялық фильм» категориясында Гран-приін жеңіп алған («Жаңғақ тал», 2016) (Иран). VII «Еуразия» ХКФ Гран-приіне лайық деп танылған («Көктемнің алғашқы жаңбыры» 2011) (Қазақстан). Көптеген халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері.

  3. Нина Ромодановская (Ресей). Кинотанушы, ProfiCinema кинопорталының бас редакторы. ВГИК маркетинг кино бойынша дәріс береді, киномаркетинг саласы бойынша ғылыми жұмыс жазады. Кино фонды комиссиясының ұсынымдарды зерттеу жөніндегі эксперт және дебютанттарға "Телесериалдар" категориясындағы питчинг маманы.

  4. Филип Че (Сингапур). Киносыншы. Азия кинематографиясын дамыту жөніндегі қауымдастықтың эксперттік кеңес мүшесі(NETPAC). Шанхай кинофестивалінің, Ханоедегі халықаралық кинофестивальдің, Джокьякартадағы Азиялық кинофестивальдің бағдарламалық кеңесшісі.

  5. Сергей Гранкин (Израиль). Журналист, корреспондент, режиссер-документалист. Көптеген халықаралық кинофестивальдерге қатысқан және лауреат атанған.

  6. Майкл Кэнэнэк (АҚШ). Тәуелсіз киноны халықаралық сату және дистрибуциялау жөніндегі тәжірибесі мол кәсіби маман. Сиэтлдағы және Палм-Спрингстегі кинофестивальдерде қазылар алқасы қатарында болған. American Film Institute лекция оқыған. 2017 жылы AFI FEST industry-алаңының директоры қызметін атқарған.

  7. Евгений Гиндилис (Ресей). Продюсер, Еуропа Киноакадемиясының мүшесі, Оскар комитетінің Ресейдегі мүшесі.

Қазылар алқасы екі жеңімпазды анықтап, дауыс беру нәтижесі негізінде төмендегі приздерді табыстайды:

1 орын – New York Film Academy киноакадемиясында бір апталық тәжірибеден өту.

2 орын – «Еуразия» ХКФ делегациясымен бірге «А» санатындағы кинофестивальге сапар (фестиваль таңдау құқығы «Еуразия» ХКФ әкімшілігіне тиесілі).

Естеріңізге сала кетейік, Eurasia Film Market халықаралық кинонарығы XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Астанада шілденің 1 мен 4 аралығында өтеді. Кинонарық – іскерлік кездесулер өткізіп, жаңа жобаларды ұсыну үшін және тәжірибе алмасу мақсатында “Birch Tree Entertainment” (США), “Syndicado” (Канада), “Film Republic” (Великобритания), “Alpha Violet” (Франция), “Filmotor” (Чехия), “Juben Pictures” (Китай), “IRIB MEDIA TRADE” (Иран), “Festagent” (Ресей) сынды шетелдік дистрибуторлық компанияларды, сонымен қатар, үздік қазақстандық кинокомпаниялар – “Қазақфильм”, “Sataifilm”, “Nurtas Production”, “Bissembin Film” және “MG Production” жинайды. Кинонарыққа қатысып отырған қатысушылардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады

Іскерлік алаң Wyndham Garden Astana (Тұрар Рысқұлов көш., 6/1) қонақ үйінде болады. Eurasia Film Market қонақтарын іс-шаралардың презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-кластар секілді ауқымды бағдарламасы күтеді. Кинонарық бағдарламасын мына сілтемеден көре аласыздар