
«Еуразия» ̶ 1998 жылы Қазақстанда негізі қаланып, FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) аккредитациясынан өткен және беделді британдық International FilmGuide басылымы әлемнің 35 танымал кинофестивальдер қатарына енгізген фестиваль. Фестивальдің негізгі міндеттері: Қазақстан және Орталық Азия аймағының киноиндустриясына қолдау көрсету, ынтымақтастық орнату, Еуропа және Азия елдерінің кинематографистерімен мәдени алмасу және кинобизнес жасау.
Өтінімдер 2018 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
ӨтінімСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР


Италиян павильонында Қазақстан кинематографиясының презентациясы өтті
2018 жылдың 2 қыркүйегі күні Венецияның Лидо аралында 75-ші мерейтойлық Венеция кинофестивалінде отандық жаңа кинотуындылар трейлерінің таныстырылымы болды.

Қазақстандық фильмдер италиялық көрермендерге таныстырылады
2018 жылдың 2 қыркүйегінде Венецияда қазақстандық жаңа картиналардың таныстырылымы болады. «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің дирекциясы ұйымдастырған іс-шара Италияның кинематографиялық, аудиовизуалды және мультимедиалық өнімдерінің ұлттық ассоциациясының (ANICA) қолдауымен жүзеге асып отыр.