Конкурстық қысқаметражды фильмдер бағдарламасы

ХIV «Еуразия» ХКФ конкурстық қысқаметражды фильмдер бағдарламасының қазылар алқасына Семих Капланоғлы төмендегі кинематографистермен бірге төрағалық ететін болады:

Милош Бикович – сербиялық және ресейлік кино және театр актері. "Лёд" және "Духлесс 2" фильмдерінің басты кейіпкері. Ниш қаласында өткен кинофестивальде «Монтевидео» фильмінде бас кейіпкерді сомдағаны үшін Сербия кинематографиясының жүлдесімен марапатталған. (Актер, Сербия, Ресей)

Самал Еслямова – Үздік актриса ретінде Канн кинофестивалінің алтын пальма бұтағын иемденген. (Актриса, Қазақстан)

Джордж Буллон – Франциядағы Канн кинофестивалінен кейінгі саналатын Клермон - Ферран аталатын беделді қысқаметражды кинофестивальдің негізін қалаушы.

Джереми Чуа – сингапурлық продюсер, бағдарлама жасақтаушы, фильмдері 2016 жылы Берлин кинофестивалінде Күміс аюды иеленген, сондай-ақ Канн ХКФ мен Карловы варыда(«А» санатындағы фестиваль) сыншылар аптасында қатысқан ПОТОКОЛ компаниясының негізін қалаушы.

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.