ХІV «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі өз жұмысын бастайды!

Кинофестиваль аясында өтетін алғашқы шара – 71 Канн кинофестиваліндегі «Қазақстан ұлттық павильоны» көрмесінің ашылуы. Павильон өз жұмысын 2018 жылдың мамыр айының 8-19 дейін жүргізеді.

Биылғы  71 Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасында еліміздің атынан режиссер Әділхан Ержанов «Ласковое безразличие мира» фильмімен бақ сынамақ. Сонымен қатар,  Ольга Коротьконың дебюттік толықметрлі «Так себе зима» фильмі, Тәуелсіз фильмдер дистрибуциясының ассоциациясы ұйымдастырған бағдарламада, ал Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Конец сезона» фильмі қатысып отыр.  Сондай-ақ, «Short film corner» киноалаңында көрсетілетін бірнеше қысқаметрлі фильмдер бар. Олар, Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» және Берік Жахановтың «Асан» фильмдері. 

71 Халықаралық Канн кинофестивалі өтетін күндері Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуына орай ресми кеш өтеді. Кеште ҚР Халық артисі Айман Мұсақожаева, танымал әнші Димаш Құдайберген және ҚазҰӨУ шығармашылық ұжымы мен фольклорлық ансамблі «Академия солистов» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Кинофестиваль аясында фильмдердің көрсетілімдері, халықаралық «Eurasia Film Market»  кинорыногы және «Eurasia Spotlight» алаңы жұмысын жүргізеді.

Конкурсқа қатысатын фильмдер туралы өтінімдер 2018 жылдың 15 мамыры сағат 23:59 дейін қабылданады.

Кинофестивальдің «Eurasia Film Market»  кинорыногына өтінімдер 2018 жылдың 10 маусымы сағат 23:59 дейін қабылданады.

Кинофестивальдің жұмысына, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа іс-шараларға қатысу  туралы өтінімдер 2018 жылдың 20 маусымы сағат 23:59 дейін қабылданады. 

ХІV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жұмыстарына қатысу үшін барлық сауалдар бойынша төмендегі контактілер арқылы байланыса аласыз:

Диана Ашимова

+ 7 777 272 60 15

diana.ashimova@gmail.com

Айгерім Рамазанова

+ 7 702 630 42 61

ramazan.work@gmail.com

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі