XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында қазақ тіліне дубляждалған фильм көрсетіледі.

2018 жылы 5 шілдеде сағат 18.30-да Астана қаласының «MEGA Silk Way» ОСО Chaplin MEGA Silk Way және Алматы қаласының «Dostyk Plaza» ОСО Cinemax Dostyk Multiplex кинотеатрларында «Монстрлар демалысы – 3» анимациялық фильмінің алдын-ала көрсетілімі қазақ тілінде өтеді.

«Болашақ» КҚ, BI Group, Marwin және Sony Pictures дүкендер желісі Сіздер үшін «Монстрлар демалысы – 3» анимациялық фильмінің шым-шытырыққа толы жалғасын дайындады.

12 шілдеде кинотеатр экрандарына «Монстрлар демалысы – 3» анимациялық фильмінің шым-шытырыққа толы жалғасы шығады, картина кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді. «Монстрлар демалысы – 3» анимациялық фильмінің сюжеті бойынша Дракула өзінің достарымен сәнді лайнерде круизге аттанады. Күтпеген жерден Дракула жұмбақ та сұлу капитан Эрикаға ғашық болады, мұны сезген қызы Мэвис бұл сапардың сұмдыққа айналатынын түсінеді, өйткені Эрика барлық монстрлардың өміріне қауіп төндіретін қорқынышты құпияны білетін еді!

«Монстрлар демалысы – 3» – «Болашақ» Корпоративтік қоры қазақ тіліне дубляждаған 25-ші фильм. Қазақ тілі дубляжының режиссері және мәтіннің төсеушісі –  Айжан Джамшитова. Дубляжға барлығы 30-дан астам актер қатысты.

Жобаның ұйымдастырушысы: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» Корпоративтік қоры

Дубляждың демеушісі: BI Group компаниясы

ШАҚЫРУ БИЛЕТПЕН ҒАНА КІРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

12 шілдеден бастап «Монстрлар Демалысы – 3» фильмін еліміздің барлық кинотеатрларында қазақ тілінде тамашалаңыздар!