Венсан Кассель

Қымбатты достар! Сіздермен керемет жаңалығымызбен бөлісуге асықпыз! Биыл жазда өтетін XIV "Еуразия" ХКФ ашылу салтанатының қонағы «Сезар» премиясының иегері – Венсан Кассель.

Сіздер оны «Черный лебедь», «Багровые реки» және «Ненависть» фильмдері арқылы танисыздар. Кинофестивальдің ашылу салтанаты 1 шілде күні «Қазақстан» ОКЗ өтеді. Біздің жаңалықтарымызды әлеуметтік желілер арқылы бақылап отырыңыздар. Барлықтарыңызды кинофестивальде күтеміз!

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.