Танысып қойыңыз...Нұсқабеков Нұрсұлтан

«Көркем фильмдер режиссурасы» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 курс студенті Нұсқабеков Нұрсұлтанның енді ғана бастау алып жатқан шығармашылық жолы да қызықты. Нұрмұхамбетов Е.М.

шеберлігінде дәріс алады. Ол Limkokwing University of Creative Technology курсы мен «NEW YORK FILM ACADEMY» драматургия бойынша курсын тәмамдаған. Екінші режиссер, «Құмырсқа. Ұрланған сахналар» жобасының со-сценарисі. Фильм ҚазҰӨУ базасында түсірілген (Busan International FilmFestival Гран-приін алған режиссері Нұрмұқхамбетов Е.М). «Над городом» фильмінің (режиссері Эмир Байғазин, Berlin International Film Festival күміс аюдың иегері) екінші режиссер ретінде тәжірибе алған; «Үзілмес үміт» жобасының режиссер-монтажері (продакшн «KazTeleProduct», РТРК «Қазақстан» тапсырысы бойынша)

режиссер, сценарист, «Қасапшының бір күні» фильмінің монтажері. «Ұшқын» студенттік кино фестивалінде көрсетіліп, үздік деректі фильм призі мен Ораз Әбішев атындағы арнайы призін жеңіп алған. Сондай-ақ, Қазақстан киносыншылары Ассоциациясының қолдауымен өтетін «KinostArt» премиясының үздік деректі фильмі номинациясында жеңіске жеткен. Фильм ҚазҰӨУ базасында түсірілген. «Ұшқын» студенттік кино фестивалінің гран-приін иемденген (ҚазҰӨУ).

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі