Танысып қойыңыз...Әмір Аменов

Танысып қойыңыз...

Қазақ Ұлттық Университеті «Кино және ТВ» кафедрасының студенттері 71 беделді Канн кинофестивалінде өз жобаларын ұсынып, өздерінің алғашқы тәжірибелері, жетістіктері, мүмкіндіктері және перспективалары жайында сөз етеді...

Әмір Аменов – Ерлан Нұрмұхамбетовтың шеберлігінде оқып жүрген студент. ҚазҰӨУ көркем фильм режиссері мамандығы бойынша білім алған, Йорк Университетінде (Торонто, Канада) Film Production бағдарламасы бойынша курс тәмамдаған, International Scholar ship of Distinction гранты. Тегерандағы 35-ші Фаджр ХКФ аясында Dar-ul-Funun бағдарламасында танымал режиссерлер мен кино қызметкерлерінің шеберлік-кластары мен лекцияларының толық курсын оқыған.

Cinesiege (Торонто, Канада) конкурсының финалисті, ХКФ CinemaIUBIT (Бухарест, Румыния) қысқаметрлі фильмдер фестивалінің қатысушысы және Koroche (Калининград, Ресей) фестиваліне конкурстан тыс қатысқан. Сілтеме: www.vimeo.com/165481906,

* Продюсер, екінші режиссер, қысқаметрлі “Samal”(2018) фильмнің монтажері. Марапаттары: «Ұшқын» студенттік фильмдер фестивалінде: «Үздік фильм», «Үздік сценарий», «Үздік әйел адам рөлі», «Б.Нөгербек атындағы арнайы диплом» және «Vosmerka.kz журналының таңдауы»; «Киностарт» конкурсының Гран-приі; жыл сайын өтетін «Сыншылар таңдауы 2018» премиясында «Үздік қысқаметрлі фильм». Фильм ҚазҰӨУ базасында түсірілген.

Сілтеме: https://vimeo.com/257737161 пароль: kaznui

Режиссер, сценарист, «Қыстың соңы»(2018) қысқаметрлі фильмінің монтажері. FemAgora гендерлік теңдік аптасы аясында көрсетілген (Алматы, наурыз 2018). Фильм ҚазҰӨУ базасында түсірілген

Сілтеме: www.vimeo.com/253643653 пароль: hongsangsoo. “Барымта” (реж. Ерлан Нұрмұхамбетов) толықметрлі фильмінің со-сценаристі. Жоба жұмыс үстінде.

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі