Search фильмінің жабық көрсетілімі және Screen life форматының презентациясы

Bazelevs студиясы, Meloman Entertainment және Chaplin Mega Park сізді Search фильмінің жабық көрсетілімі мен Тимур Бекмамбетовтің бастамасымен жасалған Screen life атты бірегей түсіру форматының таныстырылымына шақырады!

Картина прокатқа 2018 жылдың 27 қыркүйегінде шығады.

Sony Pictures World wide Acquisitions компаниясы жыл сайынғы тәуелсіз киноның 2018 жылдың қаңтар айында өткен АҚШ-тағы Sundance негізгі кинофестивалінде фильмді 5 млн долларға сатып алды.

Картина «Еуразия» кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасына енді. Фильм 2018 жылдың 1 шілдесі күні сағат 14:00-де Chaplin MEGA Silk Way-де көрсетіледі.

Қазақстандық журналистер, сыншылар, блогерлер, киногерлер мен өнер университетінің студенттері арнайы монтаждау бағдарламасы бойынша жасалған Search фильмін бірінші болып көреді. Бұл бағдарлама – Bazelevs студиясының бірегей патенттелген өнімі. Бағдарлама арқылы кез келген өз күшін кино саласында сынап көргісі келетін, тың идеясы бар жан фильмді түсірудің қолжетімді әрі жылдам тәсілдері мен шығармашылық процессті қызықты ұйымдастыра алады.

Bazelevs студиясы – біздің отандасымыз, Голливудты мойындатып қана қоймай, көп табысқа да кенелген, алғашқы отандас режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетовтің жобасы. Бүгінде бұл Bazelevs холдингінің бас продюсері алматылық Игорь Цай. Қазіргі таңда Bazelevs студиясының продюсерлері АҚШ-тағы бір жазда екі айтулы жоба дайындайтын, көшбасшылардың ондығындағы голливудтық Sony и Universal сынды ірі студиялармен жұмыс істеуде. Қазақстаннан шыққан, қазақстандық киноиндустриядан хабары бар студия басшылары қазақстандық шығармашылық ортадан үлкен үміт күтеді және талантты сценаристер, режиссерлер мен продюсерлерді жаңа жобалармен жұмыс істеуге тартудың жолдарын іздейді. Ол үшін Астана мен Алматы қалаларында шығармашылық лабораториялар ашылады, ал осы қалалардағы ЖОО-ның бірінде жаңаша монтаждау тәсілдері оқу жоспарына енетін болады.

Search – бұл оқиғалар толығымен компьютер экраны мен өзге де құрылғыларда өтетін,Screen life форматымен түсірілген үшінші фильм. ScreenLife форматындағы Лео Габриадзенің «Достар қатарынан жою» атты фильмі Universal компаниясына 3 миллион долларға сатылды және бюджеті 1 млн долларды құрайтын бұл фильм прокаттан 64 млн доллар қаражат тапты.

Әлеуметтік желілер арқылы өз-өзіне қол жұмсаушы-террористерді жинау тәсілдері туралы екінші Profile фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінің маңызы жағынан екінші орындағы «Панорама» сыйлығын алып, кино әлеміндегі айтулы фестивальдік оқиға болды. Жақында Screenlife-тің «Достар қатарынан жою 2» фильмі шығады. Бұл фильмді де Universal компаниясы сатып алды.

Search – жоғалған 16 жасар қызын іздеп, оның әлеуметтік желідегі аккаунттарынан, достарымен алмасқан хаттарынан өз қызының әлемін ашатыны туралы детективті триллер. Жобадағы басты рөлдердегі Джон Чомен Дебра Мессингтің ойындары толықтай Screen life инновациялық форматы арқылы түсірілген. Триллердегі оқиғалардың бәрі де компьютер экраны мен өзге де әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, іздеу жүйелерінде өтеді.

Фильмнің атқраушы продюсері– қазақстандықтарға «Кун-До» сценалық бой мектебінің негізін қалаушы ретінде танылған,Bazelevs компаниясының бас продюсері, алматылық Игорь Цай.

Search фильмініңрежиссері– бір күнде миллионнан астам қаралым жинаған Google Glass: Seeds атты қысқа метражды фильмімен танылған, америкалық режиссер Аниш Чаганти, сценаристі – Sundance 2015 және Sundance 2016 фестивальдерінің Гран-при номинанты Сев Охэниан. Фильм инновациялық фильмдер мен Альфред Слоун атындағы «Тәуілсіз кинодағы технологияны дәріптеу және қолдану» сыйлығын иемденген және көрсетілген Sundance кинофестивалінің NEXT бөлімінде көрермендер көзайымы сыйлығын иемденді.

Студия: Базелевс Продакшн

Жанры: триллер

Режиссёрі: Аниш Чаганти

Продюсері: Тимур Бекмамбетов, Сев Охэниан

Рөлдерде: Джон Чо («Стартрек: Қаскүнем»), Дебра Мессинг («Уилл және Грейс» сериалы)

16+ Фильм сайты: http://sonypictures.ru