Танысып қойыңыз... Шұғыла Сержан

Нәзік жандылар атынан есімі елең еткізер Шұғыла Сержан бар.

Ол атамекені - Қазақстанға Қытайдан көшіп келген. Шұғыла көркем фильмдер режиссерусы мамандығына өте жоғары нәтиже көрсетіп түскен және Ерлан Нұрмұхамбетовтың шеберлігінде дәріс алады.

Оның студенттік қойылымдары жоғары бағаға лайық деп табылады, ал «Самал» сценариін – ұстазы үздік деп бағалаған. Фильм ҚазҰӨУ базасында түсірілгенімен түсірілім тобы, локацияны танымал актерлер қатысатын және сценарий желісі бойынша таулы аймақ қажет болғандықтан Алматы облысын таңдаған.

Фильмді дер кезінде аяқтаған Шұғыла «Ұшқын» Студенттік фестиваліне қатысқан. Фильм фестивальдің бірден бес призін жеңіп алған: «Үздік фильм», «Үздік сценарий», «Үздік әйел адам ролі», «Б.Нөгербек атындағы арнайы диплом» және «Vosmerka.kz журналының таңдауы». «Ұшқын» фестивалінен соң «Самал» фильмі «KinostArt» премиясының Гран-приін иемденген және «Сыншылар таңдауы 2018» премиясында үздік қысқаметрлі фильм номинациясы бойынша қатысқан болатын. Бүгінде 2-курс студенті Шұғыла фильмін Халықаралық кинофестивальдерге жіберіп, келесі жобасының сценарийін жазуда.

Сілтеме: https://vimeo.com/257737161 пароль: kaznui.

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі