Танысып қойыңыз...Ирқабақов Ришат

Ирқабақов Ришат Рашидұлы – «Операторлық өнер» мамандығының 3 курс студенті. Тайшанов Т.Т шеберлігінде дәріс алады. Үздік студент. Оның шығармашылық жұмыстары көптеген мемлекеттік сайттардан жарық көрген. Ол Шабыт кітапханасының фотографиясына арналған конкурста жеңімпаз атанған. «Операторлық өнер» мамандығы бойынша өткізілген Олимпиаданың қатысушысы, көптеген дипломдық және студенттік жұмыстарда қоюшы-оператор ретінде жұмыс істеген. Нақтырақ айтар болсақ, «Шабыт университетіне 20 жыл» атты деректі фильм мен «Ұрланған сахналар» фильмінде оператордың ассистенті болған.

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі