Моника Беллучи Қазақстанға келуі мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Еуразия" кинофестиваліне келетін қонақтар жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. корреспонденті. "Еуразия" кинофестиваліне былтыр Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович келген болатын. Ал биыл кинофестивальдің ашылу салтанатына режиссер Эмир Кустурица қатысады және Моника Беллучи келуі мүмкін", - деді министр. 

Моника Беллучи - италиялық киноактриса және фотомодель. Ол мына фильмдермен танылған: "Дракула", "Малена", "Матрица: Перезагрузка" және "Матрица: Революция", "Страсти Христовы", "007: Спектр". 30 қыркүйек күні актриса 54 жасқа толады.  

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі