Канндағы қазақстандық павильон қалай жұмыс істейді?

Павильонда қазақстандық киноның жаңа өнімдерімен және болашақ жобалармен танысуға болады. Алғашқы нәтиже де бар – бір фильм үшін Жапониядан продюсерлер табылды.

Мамандардың айтуы бойынша, Канн кинофестивалінің ең басты бөлігі жұлдыздар және қызыл кілем емес, тіпті топ жарған фильмдер де емес – маркет. Канн кинофестивалі – әлемдегі үлкен кино нарықтардың бірі, ал Еуропадағы ең ауқымдысы. Мұнда жыл сайын кино индустрияның маңызды мамандары сату және сатып алу үшін келеді.

Барлық елдердің павильондары орналасқан халықаралық ауылда, біздікі 219 нөмірімен тіркелген. Ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ашылды. Өте жақсы орын, дәл алдында Канн әкімшілігі және CANNES жазуы көрінеді, оң жағында яхталар орналасқан Ескі порт көрінісі. Жанында Өзбек павильоны –олар биыл алғаш рет ашылды.  Көршілеріміз үлкен фестивальдарда  жеңіске жете алмай жүрсе де, біз сияқты, осы бағытта белсенді түрде жұмыс істеуді ұйғарды.

Әзірше отандық павильон қарапайым және көлемді қонақтарды қабылдауға арналмаған, ол жерде тек іскерлік ақпарат – ақпараттық буклеттер, трейлерлер бар. Үлкен киноиндустриялы елдердің павильондары толыққанды экскурсия іспетті. Кейбір павильондарға деген сұраныс соншалықты, кіруге ақы төленеді. Қонақтардың айтуы бойынша, американдық павильонға кіру үшін 300 доллар төлеуге тура келеді.

Қазақстандық павильонда - біздің актерлер мен режиссерлермен тілдесуге болады. Жалпы даму үшін мұнда Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерін әкеледі, оның жетекшісі – Айман Мұсақожаева. Ол Канндағы Қазақстандық делегацияның басшысы және Астанада 1 шілдеден 6 шілдеге дейін өтетін «Еуразия» фестивалін таныстыруға келген. Биыл Канн кинофестивалінде ұлттық делегация құрамында қазақ киносының ардагерлері болды: актриса Меруерт Өтекешова және актер Асанәлі Әшімов (ол өзінің туған күнін Каннда атап өтті –  81 жасқа толды).


Іскерлік бағдарламаға келер болсақ, мұнда отандық кинематографтың жай-күйі туралы идеяларды ұсынатын, сондай-ақ сахналарды ұйымдастыратын іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Өткен жылы Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Конокрады» жобасы жапондық продюсерлерді қызықтырды (Tokyo New Cinema). Ерланның айтуынша, бұл продюсерлер танымал жапон режиссері мен актеры Такеши Китано, сондай-ақ фестивальдық кино әлеміне танымал қытайлық Цзя Чжанкэмен жұмыс істейді. Қытайлықтың туындысын «Күл – ең таза, ақ» Канндік көрермендер негізгі бағдарламада көрді.

Нұрмұхамбетовтың жобасын бірнеше күн ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мақұлдап, оны жүзеге асыруға қаражат бөледі, әзірше режиссер бюджет күтеді. Сонымен бірге, Айман Мұсақожаева осы бағытта жұмысын жалғастыратындығын атап өтті: «Қазақстан бірлескен өндіріс үшін барлық әлеуетті серіктестерге ашық», - деді ол.

Биылғы жылы, сонымен қатар, Каннда Қазақ мәдениетінің кеші өткізілді, соған орай аңызға айналған Majestic қонақ үйінде үлкен зал жалға алынды.  Ол - Фестиваль сарайынан екі аттам жерде орналасқан. Музыкалық бағдарлама дәстүрлі түрде өтті: павильонның ұйымдастырушысы, скрипкашы Айман Мұсақожаева, «Солисттер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен, сондай-ақ танымал әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Өткен жылы ол осында ән айтты және онсыз Круазетт жағалауындағы қазақстандықтардың сауық кеші  өтпейді. Бір қызығы, Францияда Димаштың шынайы жанқияр фан-клубы бар екен. Әнші Каннда болатындығын естіген соң, жанкүйерлер кумирін көру үшін Францияның түкпір-түкпірінен келді.

Бүкіл коктейль уақыты кезінде, әнші келген жерде әрқашан қоршаудың артында әйелдер тұрды және оның жанында тұрғандарға қызғанышпен қарады. «Қыздарды осында кіргізіңдер», - деді біреу. Бірақ қатаң күзет  ханымдарды өткізбеді, себебі фестиваль аумағында болу үшін арнайы аккредитациядан өту керек. Димаш өзі жанкүйерлерге баруға тырысты, бірақ қауіпсіздік сақшылары оған рұқсат бермеді, сондықтан фанаттар қоршау арқылы тілдесумен  шектелді. Димаш Құдайберген барлық жанкүйерлерге автографын  берді және суретке түсті.

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі