Канн фестивалінде қазақстандық актриса "Ең үздік" атанды

"Айка" фильмінің басты рөлін ойнаған қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде "Ең үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол басты рөлді ойнаған ресейлік режиссердің "Айка" фильмі Канн фестивалінде көрсетіліп, қазақстандық актриса үздіктер қатарына ілікті.

Аталмыш фильм 40 минут ішінде түсірілген екен. Әйгілі шарада сөз сөйлеген Еслямова барлығына алғыс білдірді.

Айта кетейік, "Айка" фильмінде қырғыз жастарының Ресейдегі өмірі мен бастан кешкен қиыншылықтары жайлы баяндайды.

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі