Хабарландыру

EURASIA FILM MARKET Еуразиялық жобалар нарығы халықаралық кинонарықтың бір бөлігі саналатын EURASIA PROJECT MARKET 15 маусым күні ұсынымдар қабылдауды тәмамдады. Естеріңізге сала кетейік, жобалар нарығына қатысу (питчинг) үшін Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің режиссерлері шақырылған болатын. Барлығы сценарий даярлау кезеңінде тұрған 31 жоба – индустрияда тәжірибес мол киногергер мен қатар дебютанттардан түсті. 16 маусымнан бастап Еуразиялық жобалар нарығының іріктеу комиссиясы төмендегі құрамда жұмысын бастап кетті:

* Сергей Әзімов – сценарист, кинорежиссер, продюсер. Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің президенті. «Tanaris Production» кинокомпаниясының бас директоры.

* Ермек Шинарбаев – сценарист, кинорежиссер, продюсер. Көптеген халықаралық кинофестивальдердің лауреаты

* Төлеген Байтүкенов – киносыншы, сценарист, кинорежиссер. “Action!” киномектебінің негізін қалаушы. "Время" газетінің колумнисті. Қазақстан киносыншылары Ассоциациясының мүшесі.

* Баубек Нөгербек – кинотанушы, мәдениеттану ғылымының докторы. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кинотану шеберлігінің жетекшісі. Қазақстан киносыншылары Ассоциациясының мүшесі.

* Ғалия Байжанова – журналист, сценарист, киносыншы. Қазақстан киносыншылары Ассоциациясының мүшесі. Informburo.kz порталы атынан Канн кинофестивалінің шолушысы.

Келіп түскен ұсынымдардың перспективасы бар деген 10 жоба іріктелініп, EURASIA FILM MARKET барысында халықаралық комиссия назарына ұсынылады. Байқауға іліккен ондық, халықаралық қазылар алқа мүшелері және жеңімпаздарға берілетін приздер 21 маусым күні жарияланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1-4 шілдесінде XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында EURASIA FILM MARKET атты халықаралық кинонарығы ашылады. Бұл – жыл сайынғы кинематографистердің кәсіби кездесулері мен жаңа жобалардың таныстырылымына, бүкіләлемдік киногерлердің пікір-тәжірибе алмасуына арналған іскерлік алаң.

Еуразия кинонарығы медиакомпаниялардың өкілдері мен сейлс агенттерді, дистрибьюторларды, теле және интернет платформа өкілдерін іскерлік кездесулерге, жаңа жобалардың таныстырылымдарына, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен Қазақстан және Орталық Азиядағы кинобизнестің болашағын талқылауға Астана қаласына жинайды. Іскерлік алаң Wyndham Garden Astana (Тұрар Рысқұлов көш., 6/1) қонақ үйінде болады. Eurasia Film Market қонақтарын іс-шаралардың презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-кластар секілді ауқымды бағдарламасы күтеді.

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.