Габриэлла Кристиани

Габриэлла Кристианидің есімі көпшілікке таныс емес. Ол кадр сыртындағы ауқымды жұмысты атқарып, көлеңкеде қалып қоятын киногерлердің бірі. Десе де, оның кинематографқа жасаған үлкен үлесін мойындамай қоюға болмайды.

Ол мықты әйел – Бернардо Бертолуччидің фильмдерінің монтажын жасаған монтаж режиссері. Бертолуччидің «Соңғы император» атты фильмінің монтажы үшін «Оскар» жүлдесін иемденген.

Міне, екі аптаға жетер-жетпес уақытта Габриэлла XIV "Еуразия" ХКФ аясында Астанаға келеді.

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.