FIAPF

«Еуразия» ХКФ – әлемнің 23 елінен 25 беделді продюсерлер ассоциациясы кіретін Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы ассоциациясының аккредитациясынан (FIAPF) өткен Орталық Азиядағы аса ірі кинофорум.

FIAPF – құрамында әлемдік деңгейдегі теле және кино продюсерлер мүшелік ететін жалғыз ұйым. Бұл ұйымның қызметіне бірыңғай стратегия жасау, бірлескен іс-әрекеттер координациясы, авторлық құқық сынды салада өз мүдделерін алға тарту, видео-қарақшылықпен күресу, киноөндірістің бірыңғай стандартын енгізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату және басқа.

Сондай-ақ FIAPF жұмыс шеңберіне Канн, Берлин, Венеция және Локарно сынды халықаралық кинофестивальдерге қолдау көрсету кіреді.

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.