«Еуразияны» еске алғанда

Үшінші халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2006 жылы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматыда өткен. Дәл осы жылы «Еуразия» ХКФ FIAPF (Халықаралық продюсерлер қауымдастығының ассоциациясы) аккредитациясын алған болатын. Сол жылы негізгі сайыспен қатар Орта-Азиялық конкурс та өткізіліп, оның қазылар алқасын түркмендік режиссер Қожақұлы Нарлиев басқарған. Фолькер Шлендорф (Германия) пен  Махмальбаф әулетінің өкілдері – Мохсен, Самира, Хана және Марзии Мешкинилердің ретроспективасы өтеді. Сонымен қатар, қазақ киносының мэтрі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 90-жыл толуына орай фильмдері көрсетілген еді.

 Жеңімпаздары:

Халықаралық сайыс:

Үздік фильм -Гран-при  – «Эден», Германия / Швейцария, реж. Майкл Хофман

Үздік режиссерлік жұмыс призі – «Шағын қызыл гүлдер», Қытай, реж. Жанг Юан

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Кек», Қазақстан, реж. Дәмір Манабай

Үздік әйел ролін сомдағаны үшін призі – Ладан Мо, «Қош бол, өмір» фильмінің актрисасы, Иран

Үздік ер адам ролін сомдағаны үшін  –  Масато Ибу, «Тербелу» фильмінің актері, Жапония

Орта-Азиялық байқау:

Үздік фильм -Гран-при – «Дүниежарық», Қазақстан, реж. Жаңабек Жетіруов

Үздік режиссерлік жұмыс призі  – «Көк аспан астындағы жолдар», Өзбекстан, реж. Камара Камалова

Үздік әйел ролін сомдағаны үшін призі – Фатима Гулямова, Тәжікстан, «Овора» фильмінің актрисасы

Үздік ер адам ролін сомдағаны үшін  – Төлеген Қуанышев, Қазақстан, «Дала экспресі» фильмінің актері

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.