Еуразия ХКФ тарихы

Қымбатты достар! Сіздерді кинофестивальдің тарихына көз жүгіртіп, бірінші «Еуразияның» неден басталғанын еске түсіруге шақырамыз.

"Еуразия".
__________________________
1998 жылы ТМД және Балтық елдерінің фильмдеріне арналған форум ретінде Кинематографистер одағы Конфедерациясының қолдауымен «Еуразия» кинофестивалі бастау алған еді.

Алғашқы кинофестивальдің негізін қалаған КСРО және Қазақстан қоғам және мемлекет қайраткері, оператор, режиссер, кинопродюсер – Ораз Рымжанов болатын. Идея авторлары: Сламбек Тәуекел (Режиссер, сценарист, продюссер) және Игорь Александрович Вовнянко (кеңестік және қазақстандық кинооператор, режиссер, сценарист). Ол кезде «Еуразия» толыққанды жетілмеген форум болатын. Бастапқыда фестиваль ТМД елдерінің астаналары арасында көшіп жүреді деп жоспарланған, алайда тамаша идея басқа мемлекет басшыларынан қолдау таппаған соң, іске аспаған күйі қалады.

Сол жылы көркем фильмдер сайысының қазылар алқасының төрағалығын танымал грузин режиссері – Эльдар Шенгелая басқарған. 

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.