XIV «ЕУРАЗИЯ-2018» ХКФ-нің ІСКЕРЛІК АЛАҢЫ EURASIA FILM MARKET

2018 жылдың 1 шілдесінде XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында EURASIA FILM MARKET атты халықаралық кинонарығы ашылады. Бұл – жыл сайынғы кинематографистердің кәсіби кездесулері мен жаңа жобалардың таныстырылымына, бүкіләлемдік киногерлердің пікір-тәжірибе алмасуына арналған іскерлік алаң.

Еуразия кинонарығы медиакомпаниялардың өкілдері мен сейлс агенттерді, дистрибьюторларды, теле және интернет платформа өкілдерін іскерлік кездесулерге, жаңа жобалардың таныстырылымдарына, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен Қазақстан және Орталық Азиядағы кинобизнестің болашағын талқылауға Астана қаласына жинайды. Іскерлік алаң Wyndham Garden Astana (Тұрар Рысқұлов көш., 6/1) қонақ үйінде болады. Eurasia Film Market қонақтарын іс-шаралардың презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-кластар секілді ауқымды бағдарламасы күтеді.

EURASIA FILM MARKET аясында дәстүрлі Еуразиялық нарық жобалары (питчинг) сценарийлерді дамыту сатысында өткізіледі. Питчингке қатысуға Қазақстан және Орталық Азия халықтарының режиссерлері шақырылады. Нарық жобаларының ресми бағдарламасына қатысуға 10 жұмыс таңдалынады.

Еуразиялық нарық жобалары – 2018-ге қатысатын жобаларды таңдауға қойылатын талаптар:

• Сіз халықаралық және қазақстандық аудиторияға арналған әлеуеті жоғары толық немесе қысқаметражды фильмнің жаңа жобасын әзірлеуде болсаңыз (жанрына және бюджетіне шектеу жоқ);

Жобаларды ұсыну үшін құжаттар жиынтығына қойылатын талаптар (көркем, деректі, толықметражды, қысқаметражды):

• Көркем немесе деректі, толықметражды немесе қысқаметражды кинофильм әзірленіп жатса; • Толтырылған сауалнама (сауалнама сұрау бойынша eurasiapitching@gmail.com адресіне жіберіледі);

• Орыс тіліндегі түйіндеме (макс. 1-2 бет);

• Сценаристің, продюсердің немесе режиссердің атынан жобаға авторлық көзқарасы орыс тілінде (макс. 1 бет).

Питчинг кезінде жобаларды халықаралық сарапшылар бағалайды. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі.

Сіз Eurasia Film Market шарасына сіздің жобаңыз Еуразиялық жоба нарығының ресми бағдарламасында болмаса да қатыса аласыз.

Іс-шараға кіру тегін және Қазақстандық киноиндустрия өкілдерінің барлығына ашық (продюсерлер, дистрибьютерлер, режиссерлер, сценаристер, студенттер және т.б.). Ол үшін әуелі мына эл.адреске формулярды толытырып жіберіп,

аккредитациядан өтуіңіз керек: accreditation@eurasiafestival.kz (мына жерден жүктей аласыз: https://eurasiafestival.kz/ru/proekty/akkreditaciya.html ).

Кинонарығына қатысты жалпылама, сондай-ақ питчингке қатысуға байланысты сұрақтар болса мұнда хабарласа аласыз:

Гульажар Машрапова

Email: projectmarket@eurasiafestival.kz

Mobile: +77772279321 (whatsapp)

Шетелдік қонақтардың қатысуына байланысты сұрақтар болса, мұнда хабарласа аласыз:

Айжан Касымбекова

Email: accreditation@eurasiafestival.kz

Mobile: +77073673960 (whatsapp)

Қазақстандық қонақтардың қатысуына байланысты сұрақтар болса, мұнда хабарласа аласыз:

Аруана Серикбаева

Email: accreditation@eurasiafestival.kz

Mobile: +77076644795 (whatsapp)

Бас ақпараттық серіктес - Хабар Агентігі