Бөтен емес

Фильмнің сюжеті

Оқиға Миланың туған қаласына, анасына келуінен басталады. Ол мұнда өзінің үлкен әпкесі мен оның көңіл қосқан шығыстық сымбатты жігіті Рустамды кездестіреді. Галя Рустамды сүйеді және оның одан аяғы ауыр. Осындай жағдайға қарамастан Мила Рустамды ұнатып қап, сол үшін өзінің Мәскеудегі бақуатты тірегін тастауға дайын болады. Апалы-сіңлілер арасындағы бұл жағдай олардың анасының жүрегіне ауыр тиеді. Қыздарын қызғыштай қорып жүрген ана жаңа күйеу баласымен ашық түрде шайқасады. Ол қыздарының  менталитеті мен мәдениеті өзге жанға тұрмысқа шығуына қарсы. 

Бұл оқиғаның салдары Галинаның бірінші некесінен туған, есейіп қалған балаларына тиді. Галина оларды тастап кетеді. Балалар бірде үйден кетуге бел шешіп, мәнсап жолында түсіп кеткен әкелеріне барғысы келеді. Апалы-сіңлілер балаларды табудан күдерлерін үзе бастаған шақта Рустам қонаққа келеді.

Бұл фильмнің өзектілігі анық көрініп тұр. Кез келген отбасы кішігірім жүйе бола отырып, үлкен жүйелерді құрайды, ал ол қоғамды құрайды. Мұның бәрі де күн тәртібіндегі мынадай маңызды мәселелерді алға қояды:  түрлі ұлттар мен мәдениеттердің ортақ болуы; бақыттың бағасы қалай және оны шенді әйел қалай өтейді; материалдық және моральдық мәселелерді қалай шешу керек.

Фильмде балшық бейнесінің болуы кездейсоқ емес, бұл қазіргі замандағы өзіне барлығын сіңіріп алатын қарым-қатынастар мен ластықтың, сұрқайлықтың символы іспетті.

Фильмнің режиссер – Вера Глаголева, танымал актриса және режиссер. Оның «Бір соғыс» және «Екі әйел» атты фильмдері  кәсіби мамандар мен көрермендердің жоғары бағасын алды.

Вера Глаголеваның сұхбатынан:

«... Біз бұл тақырыпты қазіргі кездегі өзекті мәселеле болғандығы үшін емес, бұл ең бірінші адам өміріндегі драма болғандығы үшін алдық. Бұл тақырып бір-біріне жақын жандардың неліктен өзара тіл табыса алмайтындығы туралы ойлануға жетелейді, осы тұрғыдан келгенде менің бұл тақырыпты таңдай отырып, алдыма қойған басты міндетім – оларды біріктіру мүмкін екенін және оны қалай бейнелеуге болатынын тауып, көрсету болды.    

Анасы – Татьяна Владимирова ­– Ресейдің халық актрисасы. 1993 жылдан қазірге дейін – Александра Калягиннің жетекшілігіндегі Мәскеудегі  «ЕТ Cetera» театрының актрисасы.   

Сұхбаттан: «...Бұл, ең бірінші махаббат. Ал бұл оқиғада сол махаббат оның өзінде де, қыздарында да жоқ.  Біз барлығымыз бала кезімізден бірде әке, бірде шеше, бірде отан махаббатын сезінбей, сүйіспеншілікті аз көріп өсетіндейміз. Менің кейіпкерім махаббаттың не екендігін мүлдем білмейді де. Оны Милкаға аборт туралы айтып, оған осы жолда қолдау бергенінен-ақ түсінуімізге болады. Және қорқыныштысы – оның Газинаның да аборт жасатуын қалағаны...»

Рустам – Санжар Мади ­– 1986 жылы Алматы қаласында (Қазақстан) дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер академиясында «театр режиссері» мамандығы бойынша және «Filmmaking» мамандығы бойынша білім алған. Сұхбаттан: «...Менің кейіпкерім Рустам моральдық тұрғыда қатты соққы алған. Одан кейінгі өмірі өзі қалағандай болмай, өзге арнаға түсіп кеткен. Картина желісінен біз оның ішкі жан дүниесінде өзгеріс болып, өзінің кім екендігін, мұнда не үшін келгенін, тағдыры одан не сұрайтынын түсінгендігінен оның қайта оңалғанын көреміз. Маған бұл рөлді ұсынған кезде мен қатты қуандым. Себебі бұл жобадағы қандай рөл болмасын мен үшін өте маңызды болды. Әрі Вера Глаголевамен жұмыс істеу мен үшін мәртебе».

Галя – Анна Капалева – 1979 жылы Ленинград облысының Лодейное Поле қаласында туған. 1996 жылы Ленинградтағы облыстық ЛОМжӨК мәдениет және өнер колледжіне режиссер-педагог, театр мерекелерін және спектакльдерін ұйымдастыру  мамандығы бойынша оқуға түседі.

Сұхбаттан: « ...Меніңше, бұл шынайы оқиғаға құрылған секілді. Мұндай отбасылар бардай және олар осылай өмір сүретіндей. Менің кейіпкерім Галинаның ойынша онда әйел бақыты болмаған. Рустам – оның күткен адамы. Галина мұндай махаббатты бірінші рет бастан кешеді. Мен осыны ойнап шықтым. Галина осы азаматты көреді де, ол үшін бәріне де дайын екенін түсінеді. Негізінде, ол отбасы туралы, келешек туралы дұрыс ойлар айтады. Оның ойынша бәрі сәтімен болып, оны балалары да, анасы да түсінеді, тек ол үшін Рустам жанында болып, оны ғана сүйсе. Мен оны балаларын тастап, соның орнына үлкен махаббат күткені үшін аяймын да.

Милка – Лилия Волкова ­– Сомоленск қаласында 1983 жылы туған. ГИТИС-те Л.Хейфицтің шеберханасында оқуын аяқтаған. 2004 жылдан бері Москеңестің жетекші актрисаларының бірі.

Сұхбаттан: «...Маған менің кейіпкерім Милка ойдан шығарылмағандай. Мұндай қыздар бар, мен оларды көзбен көрдім де. Мен олардың өзгенің тағдырына ойран салғанда не ойлайтынын да білемін. Олар өздерінің жақындары: әпкесі, ағасы, анасы, әкесі, ешбірі туралы ойламай өз қалауына жетуді көздейді. Бірақ кейін ол үшін өтем жасауға тура келеді. Мен өз рөлімді шынайы алып шығуға тырысып, барымды салып ойнадым. Мен бұл туындының адамдардың жүрегінде сақталып, ойлануға түрткі болуын қаладым. Бұл –  өте маңызды».

 СергуняДмитрий Кривочуров – 1986 жылы Воронеж қаласында туған. 2014 жылы Воронеж мемлекеттік өнер академиясының театр факульетінде В.В.Тополагидің курсын тәмамдайды. Мәскеудегі «Театр. Doc-тың» актері.

Сұхбаттан: «...Менің кейіпкерім Сергуня – өзін кешіргендерге шындықты айтып, айналасындағыларға ақымақ боп көрінетін адам. Ол осындай қарапайымдылығымен, балалығымен өзін жақсы кейіпкер ретінде көрсетеді. Мүмкін, ол Милканы шынайы сүйетін, ал Галинаға өзінің жақын досының жесірі ретінде жаны ашитын жалғыз жан болар.  Оның трагедиясы сол ол Рустамның қателігін көріп, түсініп онымен күресе алмайды. Сергуня мен Рустам – екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы, сөзсіз бірге тұра алмайтын екі менталитеттің, мәдеиниеттің қақтығысы».

Сценарий авторы – Ольга Погодина-Kузьмина – сценарист, драматург, жазушы. «Жаңа драма» драматургиялық сыйлығының лауреаты және номинанты. «Еуразия», «Любимовка».

«БӨТЕН ЕМЕС» сұхбатынан – бұл драма әртүрлі мәдениетте тәрбиеленген жандардың ғана емес, ата-ана мен бала, әпке-сіңлілілер мен ғашықтар секілді жақын жандардың арасындағы да түсініспеушілік. Бұл жаһандық өте күрделі мәселе, бұл қақтығыс әлемнің барлық бұрышына түсінікті болады деп ойлаймын. Жұмыс барысында Вера менен кейбір сюжеттерді өзгертуімді сұрады. Осылай Рустамның отбасының тарихы, жаңа шешім және барлық кейіпкер үшін жаңа болашақ пайда болды. Мені осы болашақта жақсылыққа деген үміттің бар екендігі қуантады.

Қоюшы оператор – Александр НосовскийРесей кинематографистер кеңесінің мүшесі.

Сұхбаттан: «Біздің Вера екеуміздің әңгімеміздегі ең басты шешім – бұрын өзіміз түсірген фильмдерден мүлде өзге фильмді түсіру болды. Бәрін басқаша істегіміз келді. Бастапқыда бізде картинаны ақ-қара етіп түсіру идеясы болған, бірақ кейін Парсук карьерін бекіткен кезде, қар жауып, ол жерге ерекше көмкерілгенде, біз фильмді түрлі түсті болу керек деп шештік. Себебі ондай сұлу көріністі көрсетпеу қателік болар еді».

КомпозиторСергей Баневич 40–тан астам фильм музыкаларының авторы. Оның «Кай мен Герданың хикаясы», «Қайтпас қалайы солдат» опералары әйгілі Ресей театрларының сахнасында қойылып жүр.

Сұхбаттан: «...Мен жұмыстың материалын көргенде, Вера бізбен бірге болмады. Маған бәрі мұңлы болып көрінді. Мен жұмысқа кірісе алмай жүрдім.Уақыт өте мен фильмнің кейіпкерлерінің үмітсіздігіне қарамастан, Вераның өзге картиналарындағыдай үміт пен жарық беретін музыкалық интонация жасадым. Онда оған күш, мына әлемге төзім мен билік беретін аспан болды».

Монтаж режиссері – Александр Амиров – сұхбаттан – «Мен үшін бұл фильмдегі маңызды бөлім – мінсіз құмарлық тақырыбы. Ақылға қонымды түбірі жоқ, дамушы логикасыз сезім. Бұл сезімнің бастауы тереңде, балалық шақта жатыр. Әлдебір шексіз кеңістіктегі жалғыздықта. Құмарлық бос кеңістікті толтырып, әлемдегі мәселелерді арттырады. Оқиғаның жаны, меніңше, осы.

 Бас продюсер - Наталья Иванова – РФ кинематографистер кеңесінің  және EFA  Еуропа киноакадемиясының мүшесі.

Сұхбаттан – «...Мен бұл картинаны Вераның түсіргенін қаладым. Себебі ол режиссер ретінде қалыптасқан. Ол осындай әлеуметтік оқиғаны өзіндік ерекшелігімен түсіріп, бізге көркем фильмді тарту етеді. Қиын отбасы – бұл кез келген қоғамның ең жанды нүктесі. Ол біздің өміріміздің ең өзекті мәселелерінен құралған. Мен көрерменнің біздің қаһармандарымыздың тағдырын түсінгенін қалаймын. Өйткені жер бетіндегі барша халық бақыт пен махаббатқа лайық.