Жаңалықтар

Международный Кинофестиваль "Евразия"

Еуразия

Еуразия

Бірінші күннен бастап фестивальдің барлық іс шаралары толық аншлагпен өтті. Байқау көріністерінде де, баспасөз маслихаттарында да, фестиваль қонақтары мен кино мэтрлерінің мастер-кластарында да, сүйікті актерлермен кездесулерде де залдар көрермендерге лық толы болды - осының бәрі кинофорумның Қазақстанның мәдени өміріндегі орнын берік ұстағандығының дәлелі.

ХV Халықаралық

ХV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпазы анықталды

Бір апта бойы Нұр-сұлтан қаласы кино жасайтындардың, оны көпшілікке тарататын мамандардың және киносүйер қауымының шоғырлану орталығына айналды. Оған әлемнің барлық түкпірлерінен актерлер, режиссерлер мен продюсерлерді жинаған XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің өткізілуі себеп болды.

Қазақстан Голливудтың көзімен

Қазақстан Голливудтың көзімен

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ерекшеліктерінің бірі –голливудтық продюсерлердің фэм-туры. Олар соңғы күндері Қазақстанның үш бірдей облысын аралап шықты. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы және Алматы облысы, Ақтау және Маңғыстау облысына барды. Олар журналистермен кездесу барысында еліміздің табиғаты туралы әсерлерін және Шарын шатқалы мен Ақтаудың фантастикалық ақ бор тауларында голливудтық фильмдерді түсіруге әбден лайықты деді.

Қазақстан киносы интеграцияға ашық

Қазақстан киносы интеграцияға ашық

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде аншлагпен өтіп жатқан кино көрсетілімдерді әлемнің түкпір-түкпірінен келген кино мамандарының шеберлік сабақтары мен кездесулері алмастырып жатыр. Сондай шаралардың бірі – Голливуд киноиндустриясының құпияларымен бөліскен продюсер Александр Шапиромен өткен кездесу.  

Садык Шер-Нияздың шеберлік сыныбы

Садык Шер-Нияздың шеберлік сыныбы

1969 жылы Қырғыз Республикасы, Талас облысы, Чоң-Капка ауылында туған. Қоғамдық қорының, «Калемгер» әдеби клубының, «Айтыш Фильм» киностудиясының, «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» Халықаралық кинофестивалінің, Лос-Анджелестегі Азия киносы Бүкіләлемдік кинофестивалінің (АҚШ) негізін қалаушы. Кино сыйлығын негізін қалаушылардың бірі. Қырғызстан кинематографистер одағының мүшесі.

Фестиваль қатысушылары халықаралық ынтымақтастық туралы

Фестиваль қатысушылары халықаралық ынтымақтастық туралы

"Еуразия" кинофестивалінің бесінші күнінде қысқа метражды және анимациялық фильмдер байқауына қатысушылармен баспасөз конференциясы болып өтті. Алдымен спикерлер ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғысын білдірді, ал қала тұрғындарына жылы қабылдағандары үшін ыстық лебіздерін жеткізіп, фестиваль өте жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.

«Еуразия» кинофестивалі аясында бірлескен ко-өндіріске арналған киножобалардың конкурстық іріктеуі өтті

«Еуразия» кинофестивалі аясында бірлескен ко-өндіріске арналған киножобалардың конкурстық іріктеуі өтті

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы “Еуразия” халықаралық кинофестивалі аясында бірлескен ко-өндіріске арналған киножобалардың конкурстық іріктеуі өтті. Конкурстық іріктеуге отыздан астам жобалар келіп түсті. Олардың ішінен питчиннгrе қатысатын әр кезеңдегі 19 перспективалық жобалар таңдалды. Бір жобалар дайындық кезеңінде болса, екіншілері өндірісте. 19 жобаның он үші көркем фильмдер, бесеуі анимациялық картиналар және бір деректі фильм.

Бірінші күн аншлагпен өтті

Бірінші күн аншлагпен өтті

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің үшінші күні байқаудың бірінші күнгі қатысушыларын жинаған баспасөз маслихаты болып өтті. Оған Оңтүстік Кореялық режиссер Хан Джон Гиль ("Шторм"), Қытайдан келген режиссер Мария Хабул ("Жарқын күндер") және француздық "Алиса" фильмінің актерлері Мартен Свабей мен Эмили Пипоннье қатысты.

Бурак қазақстандық киноға түсуге дайын

Бурак қазақстандық киноға түсуге дайын

Фестивальдің екінші күні журналистердің қатты қызығушылығын тудырған баспасөз маслихаты болып өтті. Оның спикері XV халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің құрметті қонағы – түрік актері Бурак Озчивит болды. Қазақстандық көрермендер оны "Ғажайып ғасыр", "Бозторғай" және "Қара жүрек" серияларындағы рөлдері арқылы таниды.

Мемлекеттік орталық – отандық кинематографияның даму негізі

Мемлекеттік орталық – отандық кинематографияның даму негізі

Бүгін, Нұр-Сұлтанда, XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында ҚР «Кинематография туралы» Заңы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының таныстырылымы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры – жауапты хатшы м.а. Күміс Сеитова мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма басшысы Андрей Хазбулатов қатысты. 

Кинода бастысы - құндылық

Кинода бастысы - құндылық

Кинофестивальдің алғашқы күні қысқа метражды және анимациялық фильмдердің қазылар алқасымен баспасөз маслихаты болып өтті. Бұл конкурстық бағдарламада әлемнің 11 елінен 12 туынды қатысуда.

2019 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕГЕ АРНАЛҒАН АНОНС

2019 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕГЕ АРНАЛҒАН АНОНС

2019 жылғы 1 шілде, дүйсенбі, сағат 12:00-де, XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында «Rixos President Astana» (Д.Қонаев, 7) қонақ үйінің «Orda» конференц-залында «Кинематография туралы» заңының және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының таныстырылымы өтеді.

Ермек Тұрсынов: фестиваль іскерлік форматқа бет бұрды!

Ермек Тұрсынов: фестиваль іскерлік форматқа бет бұрды!

2019 жылы 29 маусымда Нұр-Сұлтанда XV Халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне арналған баспасөз конференциясы болып өтті. 

29 маусым күні, сағат 12.00-де ХV Халықаралық 

29 маусым күні, сағат 12.00-де ХV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің ұйымдастырушыларымен конференциясы ашылады

29 маусым күні, сағат 12.00-де ХV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің ұйымдастырушыларымен болатын баспасөз конференциясына шақырамыз.  Өтетін орны: Нұр-сұлтан қаласы, Rixos President Astana қонақ үйі, Orda конференц-залы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады

Кездесу барысында еліміздің кино индустриясын дамыту перспективалары қарастырылды.

«ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОНАҒЫ

«ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОНАҒЫ

Түрік актері Бурак Озчивит ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрметті қонағы болады.

XV Халықаралық

XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің негізгі байқауына қатысатын режиссер Фархат Шәріповтың "Жеке тұлғалық өсу тренингі" фильмі Ресейде осы жылдың 4 шілдесінен бастап прокатқа шығатын болды.

"Жеке тұлғалық өсу тренингі" ресейлік кино қоғамға жақсы таныс. Осы жылдың сәуір айында туынды қазақстандық кино тарихында алғаш болып 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Гран-при ұтып алды. "Золотой Георгий" бас жүлдесін Фархат Шариповқа халықаралық қазылар алқасының төрағасы – атақты корейлік режиссер Ким Ки Дук табыстады.

Халықаралық Шанхай кинофестивалінде Ермек Тұрсыновтың

Халықаралық Шанхай кинофестивалінде Ермек Тұрсыновтың "Шырақшы" фильмінің әлемдік премьерасы болып өтті

Танымал қазақстандық режиссердің туындысы Шанхай халықаралық кинофестивалінің (Shanghai international film festival) негізгі конкурсына қатысып отырған алғашқы отандық фильм болып табылады.

КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА

КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА

XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің негізгі байқауына 2018-2019 жылдары шығарылған 12 толық метражды туындылар іріктелді:

«Еуразия» кинофестивалі аясында бірлесіп түсіруге арналған киножобалардың іріктеуі өткізіледі

«Еуразия» кинофестивалі аясында бірлесіп түсіруге арналған киножобалардың іріктеуі өткізіледі

XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы шетелдік кинокомпаниялармен және продюсерлермен бірлесе түсіруге бағытталған киножобаларға конкурстық  іріктеу өткізеді.

XV «Еуразия» Халықаралық кинофестиваліне арналған бірінші баспасөз конференциясы болып өтті

XV «Еуразия» Халықаралық кинофестиваліне арналған бірінші баспасөз конференциясы болып өтті

Құрметті әріптестер,

Құрметті әріптестер,

2019 жылдың 30 маусым мен 6 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді (eiff.kz). Кинофорумның конкурстық бағдарламасы дәстүрлі түрде оның негізгі тұжырымдамасын айқын көрсетеді. Ол - Шығыс пен Батыс арасында  кинематографиялық көпір орнату.