ХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІ 2018 жыл, 1 - 7 шілде

«Еуразия» – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы ауқымды кинофорум.

«Еуразия» кинофестивалі еліміздің мәдени жетістіктеріне халықаралық қауымдастықтың назарын аудартуға бағытталған тағы бір имидждік шара.

Жылдан жылға статусы жоғарылап келе жатқан фестиваль Канн, Венеция, Берлин және басқа да халықаралық кинофестивальдер деңгейіне жетуді көздейді. Ұлттық фильмдерді таныту және тарату фестивальдің мақсаты болып табылады.

Фестивальдің негізгі міндеттері: Қазақстан кино индустриясына қолдау білдіру, ұлттық және мәдени құндылықтарды паш ету, барлық жастағы көрермендердің отандық киноға деген қызығушылығын арттыру, Еуропа және Азия елдерінің кинематографистерімен халықаралық ынтымақтастық орнатып, кинобизнес жасау.

Бүгінде 14 жыл бойы жүргізіліп келе жатқан аталмыш кинофестиваль үлкен танымалдылыққа ие болып, өз көрерменін таба білді. «Еуразия» кинофестиваліне қатысып, тәжірибе жинаған көптеген отандық жас кинематографистер әлемдік аренаға шығуға мүмкіндік алған.

Өтетін орны: «Қазақстан» ОКЗ

Өтетін күні: 1 – 7 шілде

XIV ХКФ «Еуразия» Баспасөз қызметі Mail - press@eurasiafestival.kz

Facebook - Eurasia International Film Festival

Instagram – eurasiaiff

www.eurasiafestival.kz

Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.